«Бөрлі ауылы әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2025 жылға арналған жыл сайынғы есеп

«Бөрлі ауылы  әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы

2025 жылға арналған жыл сайынғы есеп 

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Бөрліауылыәкімінің аппараты» мемлекеттікмекемесіөзқызметінҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясынажәнезаңдарына, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті мен Үкіметініңактілеріне, өзге де нормативтікқұқықтықактілерге, сондай-ақЕрежегесәйкесжүзегеасырады.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес ауылы әкімі аппаратымен 6мемлекеттік қызмет  көрсетіледі:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Кентінің немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру ;
  3. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  6. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.

Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсетелетін мемлекеттік қызметтердін саны- 6- тегін;

 Мемлекеттік  қызметтер электрондық және қағаз нысанда ұсынды.Көрсететін барлық қызметтерге қағидалар  бекітілді.

3)Талапетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2025 жылы жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылы әкімі аппаратымен 5 (2024 жылы –5) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

        Есепті кезеңде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-4(2024 – 1);

Есепті кезеңде «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту»– 1 (2024 – 2);

  1. Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат дереккөздері және қол жеткізу орындары туралы ақпарат.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында нормативтік құқықтық актілермен және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет алушыларды тиісті мамандығы бойынша қызмет көрсетуге жауапты аппараттын мамандары оқытады және көмек көрсетеді.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, Қарабалық ауданының және «Бөрлі ауылы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурстарында орналастырылған. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

         2025 жылы Қарабалық ауданының қоғамдық-саяси газеті арқылы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жүргізілді. Аудандық "Айна" газетінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі  № 13 (1266) мақала жарияланды.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

          Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін 2025 жылы 1 іс-шара өткізілді, бұл мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы есепті қоғамдық талқылау, халыққа күнделікті кеңестер беріледі.

Халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде WhatsApp мессенджері арқылы, сондай-ақ әкімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларында Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Электрондық үкімет» порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бөлігінде мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүргізіледі.

2025 жылы WhatsApp мессенджері және Instagram әлеуметтік желісіндегі парақша арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 9313 адамды қамтыған 17 (2024 ж. – 13) түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру үшін жер бойынша Мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді, бұл туралы ауылы тұрғындары хабардар етілді. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер азаматтардың оларды алуын жеңілдетеді.

Тұрғындар арасында ПЭП-те жұмыс істеу үшін ЭЦҚ алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауылы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының деңгейін одан әрі арттыру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, орынды деп санаймыз:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізу;

- цифрлық сауаттылықты, көрсетілетін қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі уақтылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің  процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

        Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында,  2024 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматына ауыстыру бойынша жұмыс жалғасты

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері нормативтік-құқықтық жетілдірілмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдары туралы ақпарат.

 2025 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері:

        Ауылы әкімі аппаратында ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы есеп қалыптастырылады, содан кейін оны Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына ұсынады. 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдер бұзылды.

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер жүргізілген жоқ.

        4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтаудың нәтижелері.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

         5.Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

         2026 жылы жергілікті атқарушы орган ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, WhatsApp мессенджері арқылы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, процедураны бөлу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу жоспарлануда бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, «электрондық әкімдікті» кеңінен насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу, ауылы азаматтарының цифрлық сауаттылығын оқыту.

 

 

Орталықмемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгілік нысанға қосымша

Нысан

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы қызмет алушыларының шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым берген өтініш беруші туралы мәліметтер 

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау датасы 

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

 

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2026