Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен есептік кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 3 шілдеде Белоглинка ауылында ауыл округі әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесуге Қарабалық ауданының әкімі Халыков Р.Б. қатысты.
Іс-шара барысында Белоглин ауылдық округінің әкімі Баймуханов Ж.Б. 2024 жылы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ағымдағы жылы іске асырылуы тиіс жоспарлар мен міндеттер жөнінде ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындарды толғандыратын өзекті және проблемалық мәселелер талқыланды.
Ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық – Белоглинка және Святославка ауылдарында көшелерді орташа жөндеу жұмыстарының басталатыны туралы хабар болды.