Ұлы Женіс: ерлікке тағзым үлгі

Ұлы Женіс: ерлікке тағзым үлгі

2025 жылғы 9 мамырда Қарабалық кентінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жерлестерге ескерткіш маңында Бейбітшілік алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған театрландырылған митинг өтті. Жүргізушілер митингті ашты, ҚР-ның туы енгізіді, ҚР әнұраны шырқалды. Алаңға қазақстандық «Жеңіс лентасы» енгізілді.  Тыл қызметкерлерін, соғыс балаларын және кент тұрғындарын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен Қарабалық ауданының әкімі Р. Б. Халықов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы С. С. Кабулова жылы лебіздерімен құттықтады.  Шекарашылар ескерткіштің алдына әскери даңқ гирляндасын қойды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Қарудың үш дұркін дауысы шықты. Обелискке гүл шоқтары қойылып, митинг «Жеңіс күні» әнімен аяқталды.