Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!

Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерейлі мереке Отан үшін отқа түсіп, қан майданда ерлік танытқан жандардың, тылда еңбек еткен еңбеккерлердің, жау қолында қаза тапқандардың ерлігін дәріптейді.

Батыр бабаларымыздың жолын жалғаған аға буын өкілдері Ұлы Жеңіс жолында отансүйгіштік пен елжандылықтың айрықша үлгісін көрсетті. Біздің ауданның өзінен майданға 4000 аса азамат аттанып, олардың жартысы сұрапыл соғыста қаза тапты.    Даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.        

Елде еңбек еткен халық жауынгерлерді азық-түлікпен, оқ-дәрімен  қамтамасыз ету үшін аянбай тер төкті. Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен  отансүйгіштігі бізге үлгі.

Егемен еліміздің еңсесі биік, тұғыры нық болуы берекелі бірліктің арқасында екені мәлім. Біздің киелі парызымыз - аға буынның еңбегін еселеп, Отанымыздың гүлденуіне ерекше үлес қосу, ұрпаққа аманат ету.

Қадірлі жерлестер! Елдігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын. Ерлікке тағзым етіп, ардақты ардагерлерімізге бас иеміз. Баршаңызға бақ-береке, денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.