Осындай атаумен 2025 жылғы 1 мамырда Қарабалық кентінің орталық алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мереке өтті.
"Бірліктің мекені" театрландырылған қойылымына аудан ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, аудандық мәдениет үйінің, орталық аудандық кітапханалардың, с.Қожамқұлов атындағы балалар өнер мектебінің би ұжымдары және Қарабалық жастары барлығы 250-ден астам адам қатысты. Театрландырылған қойылым соңында жастар бейбітшілік құсы көгершіндерді ұшырды.
Жиналған жұртшылықты Қарабалық ауданының әкімі Р. Б. Халықов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Үлкен мерекелік концерттік бағдарламаға Челябі облысының «Достық әні» ұлттық-мәдени орталықтары, Армениядан келген «Sipan hovhannisvan» қонақтары және ауданның үздік шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары қатысты. Мерекеге сай безендірілген үйшіктерде, этноауылдың әсем киіз үйлерінде кент тұрғындарының ұлттық тағамдары мен шығармашылық жұмыстарының көрмелері назарға қойылды. Мереке ойдағыдай жылы отмосферада өтті.