Құрметті әскери қызметкерлер, Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті әскери қызметкерлер,  Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл мереке батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстырады.  Мерекеде ардақты ардагерлерге және еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап жүрген, антына адал азаматтарға құрмет көрсетеміз.

Халық әрқашан туған жері үшін аянбай еңбек етіп, еліне ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін ерекше құрметтейді. Отанды  қорғау, оның дамуы мен көркеюіне үлес қосу – елім деп елжіреген әр азаматтың  қасиетті парызы әрі мәртебелі міндеті. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген ұғым бар. Әр азаматтың отбасы үшін жасаған тынымсыз еңбегі мен қамқорлығы ерекше бағалы. Адал еңбек етіп, елі мен жерінің көркеюіне үлес қосып жүрген жандарға алғысымды білдіремін.

Қадірлі жерлестер! Тәуелсіздік – баға жетпес байлық! Халықтың еркін, азат және бейбіт елде берекелі өмір сүруі үшін әрқайсымызға ерекше міндет жүктелді. Азаматтарды ардақтаған бұл мерекеде баршаңызға құт-береке, толағай табыс, денсаулық тілеймін. Егемен еліміздің аспаны ашық, шекарасы берік, тәуелсіздігі тұғырлы болсын!