Бүгін, 30 сәуірде халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру мақсатында "мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі"өткізілді. Жәрмеңке барысында аталған іс-шараға қатысқандардың барлығына экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша түсініктемелер берілді.