26 сәуірде Қарабалық аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Қостанай қаласында әскерге шақырылушыларды шығарып салу салтанатты рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шарада Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Болат Мұратұлы Мұсымбаевқа және Қарабалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Кайрат Қабдрашұлы Төлебаевқа сөз берілді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.