Жұмыс беруші- Электрондық еңбек шарттарын жасасамыз.

Жұмыс беруші- Электрондық еңбек шарттарын жасасамыз.

Қазақстан Республикасының Еңбек нарығы белсенді цифрландырылуда. Электрондық еңбек шарттарын жасасу қарқын алуда. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында жұмыс берушілерді Электрондық еңбек шарттарын есепке алу мен тіркеудің бірыңғай жүйесіне қосу жөніндегі сервис іске қосылды - Enbek.kz.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 37) тармақшасымен жұмыс берушілердің міндеттеріне еңбек шартын қызметкермен жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу кіретінін атап өткен жөн.

Қостанай облысында мемлекеттік еңбек инспекциясы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің, экономиканың квазимемлекеттік секторының басшыларымен және мемлекеттік кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жұмыс берушілерді электрондық форматта еңбек шарттарын тіркеудің Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне қосу жөнінде кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу мынадай міндеттерді шешеді:

- бұл кадрлық іс жүргізуді оңайлату және оңтайландыру, еңбек өтілін, қызметкердің біліктілігін, жұмыс орнын растау рәсімін оңайлату;

- дербес деректердің сақталуын қамтамасыз ету, бұл жұмыс берушіге жұмыскердің еңбек қызметі, еңбек өтілі және біліктілігі туралы дұрыс деректер алуға мүмкіндік береді.

- қызметкер үшін бұл жұмысқа орналасу және еңбек шартын жасасу шығындарының төмендеуі, әсіресе жұмыс қашықтан жүзеге асырылатын Жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы нысандарына қатысты.

- Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы мемлекет еңбек ресурстарының босатылуын болжауға және оларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік алады.

Жұмыс берушілердің назарын кәсіпорындар мен ұйымдарды Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне қосу және қызметкерлердің еңбек шарттарын электрондық форматта тіркеу, сондай-ақ қағаз форматта жасалған қызметкерлердің еңбек шарттарын электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі еңбек заңнамасының талаптарын орындауға аударамыз.