«Өнегелі,өнерлі - ақ әжелер»

«Өнегелі,өнерлі - ақ әжелер»

Қарабалық аудандық мәдениет үйінің «Ақниет» ансамблі (көркемдік жетекшісі Сәкен Байсенгиров) «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығы ұйымдастырған  «Өнегелі,өнер-ақ әжелер» облыстық ән фестиваліне қатысты. Фестиваль Қостанай ауданының «Алтын дән» мәдениет үйінде өтті. «Ақниет» ансамблі «Ел аман болсын» және «Угайым-ай» әсем әндерін ортаға салды. Фестиваль ұйымдастырушылары барлық ұжымдарға, фестиваль қатысушыларына алғыстарын білдірді. Сәкен Байсенгиров пен «Ақниет» ансабліне алғыс хаттар, мүсіншелер мен гүлдер табыс етілді.