«Великий ученый - Аль-Фараби»

«Великий ученый - Аль-Фараби»

Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай Қарабалық орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттеріне «Великий учёный – Аль-Фараби» атты танымдық уақыт калейдоскобын өткізді.

Кітапханашы студенттерді ортағасырлық Шығыстың ұлы ғұламаларының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Жиналғандар оның философия, логика, математика, музыка және басқа да көптеген ғылымдардың дамуына қосқан үлесі туралы білді. Әл-Фараби шығармаларына, оның білімге ұмтылысына, гуманистік идеяларына ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанда Әл-Фарабидің есімін мақтанышпен атайтын өз заманының ұлы ғалымдары мен ойшылдарының бірі болып саналады.

Іс-шара соңында интерактивті викторина өткізіліп, қатысушылар QR кодтарды сканерлеу арқылы сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның мұндай форматы мазмұндығана емес, сонымен қатар жастар үшін заманауи және қызықты болды.