
Шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде және «Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында Қарабалық аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен көркемөнерпаздары Троицк қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Николай Сергеевич Левшич атындағы балалар өнер мектебінің көрермендер залында өткен концерттік бағдарламада қазақ және әлем халықтарының билері, қазақ және орыс композиторларының әндері мен аспаптық композициялары орындалды. Көрермендер орындаушыларды зор қошеметпен қарсы алып, жылы шырайларымен шығарып салды.