Көрісу күні – Амал мерекесі

Көрісу күні – Амал мерекесі

Наурыз мейрамын тойлау «Көрісу күні-амал мерекесі» күнінен басталды, оның барысында ақсақалдарға сәлем мен құрмет білдіре отырып, барып амандасу, қонақ күту, құттықтау және ізгі тілектерін білдіру әдетке айналған.

14 наурыз күні «Көрісу күні – Амал мерекесі» мерекесіне орай шығармашылық ұжымдардың қатысушылары, Қарабалық аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері аудандық мекемелерге барып, Наурыз мейрамының басталуымен құттықтап, қазақ халық әндерін орындады.