«Отбасылық құндылықтар»

«Отбасылық құндылықтар»

Осындай атаумен Қарабалық аудандық мәдениет үйінде наурызнамның онкүндігі аясында «Шаңырақ күнін» мерекелеуге арналған концерттік-танымдық бағдарламасы өтті. Бұл іс-шараның басты назарында 50 жыл немесе одан да көп некелескен ерлі-зайыптылар болды. Бұл іс-шара ұрпақтар кездесуі форматында, жылы отмосферада өтті.  Аға буын өз тәжірибелерімен, бақытты отбасылық өмірдің құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ, мереке бағдарламасында құрметті қонақтар мен көрермендер қуана билейтін әндер, билер орындалып, ойындар ұйымдастырылды. Шақырылған ерлі-зайыптыларға алғыс хаттар табысталды. Іс-шара көрермендер арасында өз бағасын тауып, бірлескен фотосуретпен тәмамдалды.