Халықаралық әйелдер күніне орай орталық аудандық кітапханада «Ах, какое блаженство – знать, что я совершенство!» жақсы көңіл-күй сағаты өтті. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кітапхана ісінің ардагерлері қонаққа келді.
Мерекелік бағдарлама бір-бірлеріне шынайы лебіздерін білдіріп,көңілді өтті. Кітапхана қызметкерлері келген қонақтармен әдемі естеліктермен бөлісіп, жақсы құттықтаулар, көктеммен әйелдер туралы өлеңдер арнап, музыкалық және күлкілі викториналар өткізді, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тамаша әндер шырқады және домбырада күй орындады. Залдағы атмосфера жылулыққа, құрметке және даналығы, мейірімділігімен өмірлік тәжірибесі жас ұрпаққа үлгі болатын әйелдерге деген шынайы ризашылыққа толы болды.
Іс-шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй, шабыт және көктемгі жылулық сезімін сыйлап қана қоймай, нағыз рухани мерекеге айналды.
https://bibkr.ucoz.ru/news/akh_kakoe_blazhenstvo_znat_chto_ja_sovershenstvo/2025-03-13-3276