2025 жылғы 6 наурыз күні Қарабалық аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелді ардақтау» атты салтанатты мерекесі өтті. Мәдениет үйінің бірінші және екінші фойесі мерекелік түрде әдемі безендірілген.
Мерекені жүргізушілер Қаныбек Әли және Қостанайдан келген қонақ Азамат Ибраев ашты. Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықов әйелдерді шын жүректен құттықтап, мереке құрметіне марапатталғандарға грамоталар мен медальдар табыс етті. Концерттік бағдарламаға М. Сералин атындағы ЖББМ ұлдар хоры, ерлер вокалдық топтары, би ұжымдары және Қарабалық кентінің жекелеген орындаушылары қатысты. Сонымен қатар Қостанайдан келген қонақтар «БРО» вокалдық дуэті өз өнерлерін паш етті. Мерекелік іс-шара барысында көпбалалы аналарға және үйден тыс жерде жұмыс істейтін, оқитын, қызмет ететін ұлдардың аналарына LED-экраннан бейне ролик құттықтауларын көрсетіп, себеттер мен гүл шоқтарын сыйлады. LED-экранда 40 жылдан астам уақыт бойы махаббат пен келісімде өмір сүрген бақытты Қарабалық отбасылық жұптарын көрсетті. Мереке концерттік бағдарламаның қатысушылары «Дарите женщинам цветы» әні шырқалғанда барлық әйелдерге қызғалдақ сыйлаған сәтпен аяқталды.