«Республикам жырымсың, тұмарым қып тағатын»

«Республикам жырымсың, тұмарым қып тағатын»

23 қазанда аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты мереке өтті. Мерекені «Асыл-мұра» қазақ халық аспаптар ансамблі «Тор Жорға» күйін және «Шашбаулым» әнімен ашты! Жүргізушілер көрермендерді құттықтап, Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады. ҚР Әнұранын Қарабалық аудандық мәдениет үйінің солисі Сәкен Байсеңгіров орындады. Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары А.Р. Әубәкірова көрермендерді ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтап, Қостанай облысы әкімінің және Қарабалық ауданы әкімінің грамоталарын табыстады. Концерттік бағдарламаға Қарабалық аудандық мәдениет үйінің үздік солистері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Мереке «Өмір» вокалдық триосы орындаған «Мәңгілік ел» әнімен тәмәмдалды.