Достық мерекесі

Достық мерекесі

2024 жылғы 1 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Бірлігі күніне арналған мереке өтті. Мәдениет үйдің бірінші және екінші қабатында «Қазақстан бірлік пен татулыктын мекені» аудандық фестивалі өткен алты жартылай киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп тұрды. Балалар өнер мектебі мен балалар шығармашылық үйі ұсынған балалардың жұмыстарының көрмесі де ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері өз экспонаттарын ұсынды. Кітапхана да өз кітаптар көрмесін шығарды. Жастарға арналған ойын-сауық станциясының жұмысын ЖБО қызметкерлері ұйымдастырды. Мерекенің театрландырылған ашылуы мен концерттік бағдарламасы көрермендер залында өтті.

Достық пен бірліктің тамаша көктемгі мерекесінде концерттік бағдарламаға біздің ауданда тұратын түрлі ұлт өкілдері қатысты, ұлттық билер орындалды, түрлі тілдерде әндер шырқалды.