Отан қорғаушы күні!

Отан қорғаушы күні!

2024 жылғы 6 мамырда аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған аудандық мереке өтті, оған ауған соғысының ардагерлері, аудан ардагерлері, ауданның қорғаныс бөлімінің қызметкерлері, шекарашылар, Қарабалық АПБ және ТЖМ қызметкерлері қатысты .

Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары А.Р. Әубәкірова жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, Отан қорғаушылар күніне орай грамоталарды табыстады. Мерекелік концерттік бағдарламаға агротехникалық колледждің, ОАА, аудандық әкімдіктің, М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектептің, аудандық мәдениет үйінің әйелдері қатысты. Сондай-ақ, бағдарламада С. Қожамқұлов атындағы балалар өнер мектебінің «Қарлығаш», «Ручечек» және аудандық мәдениет үйінің «Фантазия», «Жұлдыз» би ұжымдары мен аудандық мәслихат депутаттарының әйелдер вокалдық тобы өнер көрсетті. Бағдарлама Қарабалық кентінің мекемелері, ұйымдарының басшылары мен мәдениет қызметкерлерінен құрылған хормен аяқталды.