Ұлы Жеңіс күніне иарналған мереке.

Ұлы Жеңіс күніне иарналған мереке.

2024 жылдың 9 мамырында Бейбітшілік алаңында Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараның театрландырылған ашылымына Қарабалық кентінің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, Қарабалық БӨМ, жеке орындаушылар Алмагүл Қолдыбаева, Гүлден Аменова, Мәди Рисбек, және «Жұлдыз», «Фантазия», «Ручеёк» би ұжымдары қатысты. Ескерткіштің алдына гирляндалар, гүл тізбектері мен гүл шоқтарын қоюға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, аудан ардагерлері, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Д.К. Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық ұйымдар мен бірлестіктердің, жалпы білім беретін мектептердің, колледждің өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен діни конфессиялардың өкілдері қатысты.

Іс-шара қатысушыларына Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Д. К. Жақыпов, Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы К. К. Төлебаев, және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. С. Кабулова өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Митинг «Жеңіс күні» әнімен тәмәмдалды.