Қарабалық ауданында аналар форумы өтті

Қарабалық ауданында аналар форумы өтті

2024 жылдың 14 мамырында аудандық мәдениет Үйінде Аналар күнін мерекелеуге арналған "Анаға тағзым" аналар форумы өтті. Іс-шараға "Қарабалық ауданының гендерлік қолдау орталығы" ҚБ төрағасы, Қарабалық ауданының "Аналар кеңесі" төрағасы, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен аналар, балалары еңбегінде ерекшеленіп, жетістікке жеткен аналар, отбасылық өмір өтілі әртүрлі ерлі-зайыптылар қатысты. Форумға қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеудің, отбасы мәртебесін көтерудің, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Форум қорытындысы бойынша мерекелік концерт, аналарды құрметтеу рәсімі өткізілді.