Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізудің тапсырмасырмаларының бірі - бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды елдегі құқықтық тәртіптің және заңдылықтың жай-күйі туралы тиімді және жеткілікті ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту болып табылады.
Осыған байланысты, елдегі және кейбір аймақтардағы қылмыстылық жағдайы туралы, сонымен қатар интерактивті қызметтерді ұсынуға бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде Комитеттің деректер қорына қашықтықтан қол жеткізу жолымен «QAMQOR.GOV.KZ» Ақпараттық жүйесі» интернет-порталы құрастырылған.
Интернет-порталының болуының арқасында кейбір қызметтерді мемлекеттік ұйымдарға жеке бармай-ақ алуға болады.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері үнемі кеңейіп келеді.
Қазіргі уақытта «Qamqor.gov.kz» жүйесінде келесі бөлімдер қолжетімді:
Сонымен қоса, «Qamqor.gov.kz» жүйесінен келесі мәліметтерді алуға болады:
- соңғы бірнеше жылдағы құқықтық статистика туралы динамика, диаграммалар, аймақтар бойынша, соның ішінде ел картасындағы сандық көрсеткіштер;
- қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы құқықтық статистикалық мәліметтерді, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалғандарды географиялық карта түрінде қарау; кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар туралы; кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер туралы; адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы;
- Комитет қызметіне байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: әкімшілік айыппұлдарды есепке алу және тіркеу, мемлекеттік органдармен азаматтардың өтініштерін тіркеу және қарау тәртібі, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы мәліметтер.
Егерде «Qamqor.gov.kz» ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚСжАК Қостанай облысы бойынша аумақтық Департаментіне Қостанай қ., Темірбаев көшесі, 13 мекен жайы бойынша немесе 8-7142 -53-52-82 телефоны арқылы жүгінуді сұраймыз.
ҚР БП құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
Комитетінің Қостанай облысы
бойынша Департаментінің
аға прокуроры А. Абдрахманова