15 қарашада Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері М. Сералин №3 ЖББМ оқушыларымен «Күйлер Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі туралы баяндайды» поэзия сағатын өткізді. Аталған іс-шараның мақсатыкомпозитор Құрманғазы Сағырбайұлының музыкасы арқылы оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Қазақ халқының ұлы мұрасымен таныстыру және дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Кітапханашылар балаларды Құрманғазының өмірбаянымен, қиын-қыстау замандағы балалық шағы және жасөспірім кезімен, күйшілік және композиторлық шығармашылығымен таныстырды. Іс-шараның музыкалық сүйемелдеуі ретінде Құрманғазының "Адай"күйі тыңдалды. Кітап көрмесі де рәсімделді.
http://bibkr.ucoz.ru/news/k_jler_rman_azy_sa_yrbaj_lyny_miri_turaly_bajandajdy/2023-11-15-2738