Қарабалық ауданы әкімдігінің фронт офисінде кезекті Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Қайрақ» ШББ бірінші бөлімшесінің бастығы (автокөлік) капитан Г.С. Дәулеттің бастамасымен аудан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандық агротехникалық колледж басшылығының белсенді қатысуымен ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге колледж түлектері, аудан жастары қатысты.
Қатысушылар ҚР, РФ және Түркияның әскери ЖОО-на түсу талаптары мен тәртібімен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру шарттарымен танысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Халықты жұмыспен қамту орталығының, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшылары жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, мемлекеттік жастар саясатының негізгі аспектілері туралы ақпарат берді.