Ауданда дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ауданда дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өтті

          2023 жылғы 29 наурызда халықты жұмыспен қамту орталығы Қазақстандық агротехникалық колледжбен бірлесіп Бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шара колледж ғимаратында өтті. Жәрмеңкеге жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар, колледж түлектері, оқуын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтайтын студенттер шақырылды.

Жәрмеңке жұмысына 7 жұмыс беруші қатысты: «Poultry-Agro» ЖШС, «Ақ-Бидай-Агро» ЖШС, «Терра» ЖШС, «Вкусно покушать» ЖК, «Қарабалық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ, «Сержан» ЖК, «Бисембаев Т.С.»ЖК.

«Бұл жұмыс берушілерде аспаздар, дәнекерлеушілер, зоотехниктер, жемшөп цехының операторлары, құстар үйі, слесарлар, электриктер, сою цехының союшылары, көлік жөндеу механигі, қолөнершілер, жүргізушілер, механизаторлар бос орындары болды.

Жәрмеңкеге 90 адам қатысты. Аудан жұмыс берушілеріне 36 адам жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жазылды, 25 адам түйіндеме қалдырды, жұмыс берушілер 15 адамды жұмысқа алуға дайын.