Медициналық көмек мәселелері бойынша халықпен кездесу

Медициналық көмек мәселелері бойынша халықпен кездесу

           Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қарабалық ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімінің орынбасары Аслан Орынғалиұлы Уринбасаровтың төрағалығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Батырбек Амангелдіұлы Нұрғалиев, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Арман Есетұлы Баймағамбетовтың құрамында халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша аудан халқымен, ұйымдар мен мекемелердің өкілдерімен есептік кездесу өтті

         Кездесу барысында Қарабалық Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жеңіс Жақсыбайұлы Қабыловтың аудан халқына медициналық көмекті ұйымдастыру туралы есебі тыңдалды. Батырбек Амангелдіұлы мен Арман Есетұлы МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі, медициналық көмектің сапасы, қаржыландыру, медициналық техникамен жарақтандырылуы, бейінді мамандармен қамтамасыз етілуі және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ МӘМС жарналарын төлеу және МӘМС жүйесіне қатысу тәсілдерін түсіндірді.

Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.