ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері туралы.

ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері туралы.

Салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде 2020 жылдың соңында ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде СНТ енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 16.11 №1104 бұйрығы.) 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТШФ-ны міндетті ресімдеу енгізіледі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) қол қойылды.

Басқа тауарлық позициялар бойынша ТШФ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

         ТШФ міндетті ресімдеу күшіне енген кезде ТШФ ұсынбағаны және ТШФ-дағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТШФ ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы, атауының сәйкес келмеуі, ТШФ-да тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
1-қосымша

 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі

 

Тауардың атауы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні

1

Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2023 жылғы
1 сәуір

2

Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі

2023 жылғы
1 сәуір

3

Өндірілуі мен айналымы "мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

2023 жылғы
1 сәуір

4

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне енгізілген

2023 жылғы
1 сәуір

5

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2023 жылғы
1 сәуір

6

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2023 жылғы
1 сәуір

7

Виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар

2023 жылғы
1 сәуір