«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» және «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметтері бойынша қызметтерді онлайн алу бөлігінде халық арасында ақпарат

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» және «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметтері бойынша қызметтерді онлайн алу бөлігінде халық арасында ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіменәлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердіавтоматтандыру жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Министрліктің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 2 мемлекеттік қызметтері іске асырылғанын хабарлайды:

- «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу»;

- «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу».

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша

Бұған дейін аталған мемлекеттік қызмет бойынша «электрондық үкімет» веб-порталында қандастар санаты үшін электронды нысанда алу мүмкіндігііске асырылған болатын. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында қоныс аударушыларсанаты үшінэлектронды нысанда алу мүмкіндігііске асырылды. Осылайша, «электрондық үкімет» веб-порталында«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу»мемлекеттік қызметі электронды түрінде толығымен іске асырылды.

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша

Аталған мемлекеттік қызмет бойынша Министрлікпен реинжиниринг жүргізілді, оның шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі қайта қарастырылып, «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «электрондық үкімет» веб-порталынан өтініштер «Е-әкімдікке» түспей, «Е-Собес» ААЖ түсетіндігін хабарлаймыз. Сол себепті, «электрондық үкімет» веб-порталынан «Е-әкімдікке» түскен өтініштерге 15 желтоқсанға дейін тиісті жауап берулеріңізді сұраймыз. 15 желтоқсаннан кейін «Е-әкімдіктегі» «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштердің жауабы «электрондық үкімет» веб-порталына түспейтінін қосымша атап өтеміз.

Бұдан басқа, «электрондық үкімет»веб-порталы арқылы қызмет көрсету кезіндемүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан мәліметтер және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша электрондық деректер жоқ немесе толық емес деректер келіп түседі, осыған байланысты,осықұжаттардың сканер-нұсқасын бекіту көзделген.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған құжаттарды электронды алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізгеннен кейін, электрондық деректер толығымен «Е-Собес» ААЖ-на түсетін болатындығын хабарлаймыз.