Фестиваль достарды жинайды

Фестиваль достарды жинайды

Осындай ұранмен 29 қыркүйекте Қарабалық аудандық мәдениет Үйінде Қарабалық ауданының ардагерлер қозғалысының 30-жылдығына арналған «Мелодия души», вокалдық ансамбльдер фестивалі өтті.

Ауылдық және аудандық мәдениет үйлерінің вокалдық ұжымдары жүрекке қымбат әндер шырқады. Сахнадан туған өлке, достық, бейбітшілік және махаббат туралы лирикалық, әуезді, мейірімді әндер шырқалды.

Барлық Вокалдық ансамбльдер құрмет грамоталарымен марапатталды, аудандық мәдениет үйінен сыйлықтар мен көрермендердің қошеметіне бөленді.

         Қатысушылар 35, көрермендер 60 адам.