"Парыз" Конкурсы

"Парыз" Конкурсы

Халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту және оларды үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру үшін қоғам алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру және ілгерілету мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"республикалық конкурсы өткізіледі.

 Конкурсты өткізу жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға, сондай-ақ әлеуметтік саладағы үздік тәжірибені көрсетуге және кеңінен таратуға бағытталған.

 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы республиканың жұмыс берушілері арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі:: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекет Басшысының 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығына сәйкес республика жұмыс берушілері арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы жыл сайын мынадай номинациялар бойынша өтеді деп хабарлайды:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
  • «Еңбекті қорғау саласында үздік кәсіпорын»;
  • «Үздік ұжымдық шарт»;
  • «Экологияға үлес қосқаны үшін».

        Рәсіміне қатысу үшін өтінімді «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекенжайына ұсыну қажет (Қарабалық к., Космонавтар көш., 16, тел. 32547, электрондық мекенжайы арқылы: karabalyk_ozisp@kostanay.gov.kz).