Pfizer вакцинасы туралы ақпарат

Pfizer вакцинасы туралы ақпарат

Қарабалық ауданына Comirnaty атты америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясының 30 доза вакцинасы келіп түсті

Осылайша, 22 қарашадан бастап жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау ресми түрде басталды.

Сол күні Қарабалық кентінен алты жасөспірім бірінші компонентпен егілді, екінші компонентті балалар үш аптадан кейін алады.

Аудан бойынша барлығы 1 819 адам Pfizer вакцинасымен егіледі, оның ішінде:

12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 1493

Жүкті әйелдер – 125

Бала емізетін аналар – 201