Қостанай облысының әр бесінші тұрғыны сақтандырылмаған!!!

Қостанай облысының әр бесінші тұрғыны сақтандырылмаған!!!

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз:

  • тегін нөмірі 1406
  • сайттың төменгі оң жақ бұрышында fms.kz
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • Telegram-дағы SaqtandyryBot
  • 8 (7142) 990-544, 990-545 телефондары бойынша

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшкенін еске саламыз. Азаматтардың МӘМС-ға қатысуының басты шарттарының бірі - жарналар мен аударымдарды төлеу болып табылады.

2021 жылға ММС-да төлемдердің келе сі мөлшері белгіленді:

  1. Дербес төлеушілер жарналарды айына 2125 теңгеден төлейді. Төлем мақсатының коды - 122. Жарналар өтініш берген күннің алдындағы 12 ай үшін төленуі тиіс.
  2. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға БЖТ үш ай қатарынан төлеген кезде үшінші ай басталған кезде сақтандырылған мәртебесі беріледі. Мысалы, мен ешқашан жарна төлемегенмін, бірақ 2021 жылдың қазанынан бастап ай сайын БЖТ төлей бастадым, бұл жағдайда желтоқсан айында мен сақтандыру мәртебесін аламын. Алдыңғы 12 айдағы қарызды төлеудің қажеті жоқ, болашақта БЖТ- ны ай сайын төлеу жеткілікті.
  3. Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар ай сайын 2975 теңгеден жарна төлейді. Төлем мақсатының коды-122. Төлеу кезінде төлем жүргізілетін кезеңді көрсету қажет.
  4. Азаматтық–құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін осы Шартты шарт сомасының 2% мөлшерінде жасасқан салық агенті жарналарды төлейді. Төлем мақсатының коды - 122.
  5. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлер үшін жарналар мен аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       дейін төлеуге міндетті:
  6. 121 ТТК бойынша - еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшеріндегі аударымдар (жұмыс берушінің есебінен).
  7. 122 ТТК бойынша - жұмыскердің есептелген табысының 2% мөлшеріндегі жарна (жұмыскердің жалақысынан).

«Сақтандырылған» мәртебесінің болуы МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға кепілдік береді