Улы газ датчиктерін орнату

Улы газ датчиктерін орнату

23.11.2021 жылы Қарабалық ауданының ТЖБ қызметкерлері Қарабалық кенті әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп, азаматтармен өртке қарсы тақырыпта түсіндіру әңгімелерін және нұсқамалар жүргізу мақсатында Қарабалық кентінің тұрғын үй секторын аралау және тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының тұрғылықты жерлері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді аралау жүргізілді. Өткізілетін іс-шаралар барысында улы газды анықтау датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, Қарабалық ауданының жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен сатып алынған 4 датчик орнатылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда..