«Тәуелсіз елдің тіл шеберлері» байқауы

«Тәуелсіз елдің тіл шеберлері» байқауы

22 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырумен облыстық «Тәуелсіз елдің тіл шеберлері» байқауы өтті. Ережеге сай үш тілді меңгерген жастар мемлекеттік тілде эссе жазып, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жасап, белгілі бір тақырыпта ағылшын тілінде өз ойларын жеткізді. Іс-шараға қалалар мен аудандардан 26 қатысушы қатысып, Қарабалық ауданының үміткері Нарбек Мадина Бағланқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды.