Тіл саясаты

Тіл саясаты

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан өзге этнос өкілдерінің қатысуымен Ыбырай Алтынсариннің 180- жылдығына арналған «Мен Ыбырайды оқимын» челленджі және «Менің Қазақстаным» тақырыбында облыстық диктант ұйымдастырылды.

Аталмыш челленджге тілдерді оқыту орталығының белсенді тыңдаушысы, мемлекеттік тілді меңгерген, Новостройка мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Александр Лысенко қатысып, ұлы ағартушының «Әке мен бала» әңгімесін оқыды.

«Менің Қазақстаным» тақырыбындағы диктантқа өзге ұлт өкілдерінен 10 адам қатысып, тағылымы мол, мағынасы терең мәтінді сауатты жаза білді. Қорытынды бойынша үздік нәтижені аудандық мәдениет үйі қызметкері Шерстюк Марина мен аудандық кітапхана бағдарламашысы Петрова Елена көрсетті. Мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін аталмыш іс-шаралардың үлесі мол.