Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары! Сіздерді отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары! Сіздерді отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке отбасылық дәстүрдің және ерлі-зайыптылық жауапкершіліктің қазақстандық қоғамда маңыздылығын тану және өнегелікті, руханияттылықты нығайту үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Жарлығымен енгізілді. Отбасы күні Қазақстанда 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Отбасы – адамзаттың қымбат құндылығы, бір-біріне демеу болып, қиын-қыстауда көмектесетін ең жақын адамдар. Неғұрлым отбасында келісім мен қуаныш мол  болса, соншалықты  еліміз мықты болады. Қазақстан Республикасы отбасылық дәстүрлерге бай. Бүгінде біз оның маңыздылығын түсініп, қажеттілігін терең сезінеміз. 

Ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті бізге жеткізген, аға буын өкілдері, сіздерсіздер, немерелеріңізге деген махаббаттың, даналықтарыңыздың арқасында өмірімізде келісім мен тыныштық  орнап отыр. Әр отбасы ата-анадан бастау  алады. Жылы шырай таныту, қиыншылықтарға бірігіп қарсы тұру – жасқа да, картқа де керегі осы.

Баршаңызға өзара түсінушілік пен сүйіспеншілік, отбасылық зор бақыт, мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл, ізгі істерде сәттілік тілеймін!