Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 22 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 156 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,83% құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 48, Рудный қ. - 21, Мендықара ауданы – 13, Арқалық қ. – 12, Жітіқара – 11, Қостанай және Б.Майлин аудандарында 10 – нан, Лисаков қаласы және Федоров ауданында – 7, Әулиекөл ауданы – 5, Денисов және Сарыкөл аудандарында 4 – ден, Қамысты ауданы – 2, Амангелді және Ұзынкөл аудандарында – 1.
120 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 24 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 12 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 126 адамда ауру белгілері болды, 30 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 22 шілде аралығында COVID-19-дың 18852 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 17 202.