Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Қостанай қаласы; Тәуелсіздік көшесі 85, 1 қабат, каб. 5;

Пошталық мекен-жайы: 110000, Тәуелсіздік көшесі, 85, 1 қабат, каб. 5;

Электрондық пошта мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz;

Байланыс телефоны: 8 (714-2) 902-058;

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған және ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге (экономиканың басым секторларында) мемлекеттік гранттар беру;

Конкурс нысаны: ашық конкурс;

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орындары: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы eGov.kz. субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Qoldau.kz «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау/қабылдау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары және конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беруге көмек көрсету:

Қарабалық ауданының кәсіпкерлері үшін:  «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 110900, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31, каб. 111. электрондық пошта мекенжайы: e.levina@kostanay.gov.kz; байланыс телефоны: 8 (714-41) 3-31-52, 7-90-05

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылады. eGov.kz / субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Qoldau.kz, «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ бекітілген нысан бойынша конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2021 жылғы «26» шілдеден бастап 2021 жылғы «4» тамызға дейін жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2021 жылғы «26» шілде сағат 10-нан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2021 жылғы «4» тамыз сағат 13-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен сайтта танысуға болады: www.upp.kostanay.gov.kz.