Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 21 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 149 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,76% құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. - 27, Арқалық қ. – 21, Әулиекөл ауданы – 12, Жітіқара қ. – 10, Б.Майлин ауданы – 8, Амангелді ауданы – 7, Алтынсарин және Қостанай аудандарында 6 – дан, Лисаков қ. – 4, Қарабалық ауданы 3, Федоров ауданы – 2.
113 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 27 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 9 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 123 адамда ауру белгілері болды, 26 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 21 шілде аралығында COVID-19-дың 18 696 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 17 105.