Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 08 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 54 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,31 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 27, Рудный қ. - 11, Арқалық қ. - 6, Амангелді ауданы - 4, Лисаков қаласы - 3, Сарыкөл ауданы - 2, Қостанай ауданы - 1.

42 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 42 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 08 шілде аралығында COVID-19-дың 17261 жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 16431.