Туған күніңмен, астана!

Туған күніңмен,  астана!

Елорда күніне орай Қарабалық ОКЖ кітапханашылары түрлі іс-шаралар өткізді. Боскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы 1-5 сынып оқушылары қатысқан балалар суреттерінің конкурсын ұйымдастырды. Михайлов ауылдық кітапханасында Қазақстан астанасы Нұр-сұлтан қаласы бойынша виртуалды саяхат өтті.  Елордада  45 тарихи және мәдени ескерткіш бар, бұл мүсіндер, стелалар мен бюсттерді есептемегенде. Олардың көпшілігі Тәуелсіздік пен мәңгілік махаббаттың нышанына айналды.  Наука ауылдық кітапханасында  "Нұр-сұлтан-арманқала!» бейне саяхаты өтті. Бастауыш буын балалары сұрақтарға жауап берді. Елордада болғандар, өздерінің әсерлерімен бөлісті. Роза Жақсылыққызы елорданың көрікті жерлері туралы презентация көрсетті. Содан кейін жеңіл пластилиннен практикалық жұмыс болды. Балалар Астананың символы - Бәйтеректі мүсіндеді. Смирнов ауылдық кітапханасының кітапханашысы АМҮ-мен бірге Астана күніне орай "Бұл даладағы керемет  – Нұр-сұлтан"атты презентация-саяхат өткізді. Кітапханашы мерекенің шығу тарихы, елордамыз Нұр-сұлтанның бүгіні мен өткені, ел Президентінің оның қалыптасуындағы рөлі, еліміздің бас қаласының тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі мәртебесі туралы әңгімеледі. Содан кейін бейнероликті көріп, елорда бойынша виртуалды саяхат жасады. Барлық қатысушылар сыйлық ретінде буклеттер алып, балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады.Приреченская ауылдық кітапханасында«Туған күніңмен, Нұр-Сұлтан!»атты кітап-иллюстрациялық көрмеге шолу жасалды.

Есенкол ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Нұр-сұлтан-болашақтың қаласы!" атты кітап көрмесіне шолу жасады. Материалды бекітуге викторина өткізді, оның ең үздік білгірлері: Жанбатыр Әлижан, Берекжан Жансая, Ерболат Ернұр, Аскерхан Айбек болды. Олар сыйлық ретінде балалар кітаптарын алды. Содан кейін балалар алған астананың көріністерімен бояу беттерін бояды.

Мұндай іс-шаралар елорда туралы балалардың ой-өрісін кеңейтеді, олар географиялық жағдайы туралы, атауын өзгерту тарихы туралы және а стананың көрікті жерлері мен символы-Бәйтерек монументі туралы көп мағлұмат алады, тарихты тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.