Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 08 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 36 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,22 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 19, Рудный қ. - 6, Әулиекөл ауданы – 3, Алтынсарин ауданы – 3, Қарабалық және Мендықара аудандарында 2-ден, Қостанай ауданында - 1.
26 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 08 маусым аралығында COVID-19-дың 16051 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15362.