Қостанай Мамандандырылған ХҚКО-да «С» санатына практикалық емтихан тапсыру тоқтатылды

Қостанай Мамандандырылған ХҚКО-да «С» санатына практикалық емтихан тапсыру тоқтатылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалында қазір Мамандандырылған автодромда жүк көлігі жоқ.


«С» санатына практикалық емтихан тапсыру маусым айында қайта басталады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалының теңгерімінде жүк автомобилі жоқ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, қызметтерді айқындалатын мердігер көрсетеді. Қазіргі уақытта, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау рәсімі өтуде. Шамамен автодромда жүк көлігі маусым айының ортасында пайда болады. Практикалық емтиханды тапсыру дереу қайта басталады. Ағымдағы жағдай туралы, 8-747-405-54-59 телефоны арқылы білуге болады», - деп хабарлады, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.