Мерекелік театрландырылған концерттік бағдарлама

Мерекелік театрландырылған концерттік бағдарлама

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлы Жеңіс күніне  арналған әлеуметтік желілерде жарияланған «Соғыс. Жеңіс. Естелік. Біз» мерекелік театрландырылған концерттік бағдарламаға Қарабалық кентінің Қазақстандық агротехникалық колледжі мен орта мектептерінің оқытушылары, Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің жеке орындаушылары және «Жастар» би ұжымы қатысты. А.Құнанбаев атындағы орта мектеп оқытушыларының орындауында «Соғыс осылай басталды» атты театрландырылған бағдарлама ашылды. Бағдарламада соғыс жылдарындағы әндер, би суреттері және әскери тақырыптарға сахналанған әндер орындалды. Театрландырылған концерттік бағдарлама әр Қарабалықтың жүрегіне жол ашатын «Жеңіс күні» әнін орындаумен аяқталды. Бағдарламаны Инстаграмда және Вконтактеде 1794 көрермен тамашалады.