Олар өздерінің Туған жерін дәріптеді

Олар өздерінің Туған жерін дәріптеді

2021 жылдың 8 сәуірінде Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған тақырыптық іс-шара өтті. Жүргізушілер Инна Бешловская мен Қаныбек Әли көрермен залындағы ардагерлер мен Қарабалық кентіндегі орта мектеп оқушыларына  оқушыларына Ыбырай Алтынсариннің туған халқын ағартуға бағытталған шығармашылығы мен қызметі және біздің ауданымыздың тумасы Сералы Қожамқұловтың ұлттық кинематографияның дамуына қосқан зор үлесі туралы айтып берді. Бағдарламада аудандық «Ұлттың ұлы ұстазы» байқауының жеңімпаздары Өмірзақова Алтынайдың және 2-орын иегері Жақсылық Софиянұрдың орындауында Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, сондай-ақ Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің солистері Сәкен Байсенгировтың, Ерлан Сапаровтың және Қаныбек Әлидің орындауында Отан туралы әндер шырқалды. Аудандық мәдениет үйінің шығармашылық қызметкерлері іс-шараның бейнероликтерін құрастырып, әлеуметтік желілерде жариялады. Әлеуметтік желілердің _____ пайдаланушысы бейнероликті қарап шықты.