Қостанайлықтарға ХҚКО-на кезекке тұрудың төрт тәсілін айтып берді

Қостанайлықтарға ХҚКО-на кезекке тұрудың төрт тәсілін айтып берді

Қостанай облысының тұрғындарында ХҚКО-на кезекке тұрудың 4 тәсілі бар. Олар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңірлік филиалында айтылды. Қазіргі уақытта облыстың алты ХҚКО алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді.

 

12 сәуірде Қостанай облысы «сары» аймаққа оралды. Осыған байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалында ХҚКО қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар туралы еске салады. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін, Қостанай облысының барлық ХҚКО-да маскалық режим және әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады. Бұдан басқа, алты ХҚКО-да азаматтарды қабылдау кезегі міндетті түрде брондалған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл Қостанайдағы төрт ХҚКО (1,2, 3 бөлімдер, сондай-ақ Мамандандырылған ХҚКО) және Рудный, Тобыл қалаларындағы бөлімдер.

 

«Кезекті брондаудың 4 тәсілі бар»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева. Біріншісі- egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы («ХҚКО-на кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтырып, ХҚКО-ның мекенжайы мен қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсету қажет. Осылайша, 1414 байланыс орталығының операторының көмегін пайдалануға болады. Жүгінген кезде дауыстық мәзірінен «Кезекті брондауды» таңдап және оператор арқылы брондау қажет.

 

Брондаудың тағы екі әдісі ұялы телефондарда қол жетімді.

Бұл Telegram мессенджеріндегі eGovKzBot2.0 боты. Бас мәзірде «ХҚКО-на кезекті брондау» сервисін таңдау, ЖСН енгізу, ХҚКО орналасқан елді мекенді таңдау, қажетті қызметті, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚКО-ның өзін таңдау қажет.

Брондау egov mobile қосымшасы арқылы да қолжетімді. Ол үшін, қосымшаны жүктеу, авторлану және «ХҚКО-на кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру, ХҚКО, қызметті, баратын күні мен уақытын таңдау қажет.

 

Кеңес: тапсырыс уақытынан 5-10 минут бұрын келу керек.