Ыбырай оқулары

Ыбырай оқулары

     Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай этнос жастары арасында ұйымдастырылған «Ыбырай оқулары» байқауы мәресіне жетті. Ережеге сай қатысушылар Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа оқып, бейнеролик ретінде жолдауы тиіс. Ауданның мектептерінен барлығы 17 қатысушы өтінім білдірді. Байқау мақсаты жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру, насихаттау қызығушылығын арттыру болып табылады. Әділ-қазы ақасының шешімі бойынша жүлделі І орынға М.Сералин ат. ОМ 5 сынып оқушысы Орехова Томирис, ІІ орынға Бөрлі ОМ 10 сынып оқушысы Хамдиева Севда, ІІІ орынға М.Горький ат. ОМ 9 сынып оқушысы Мадаева Залина ие болды. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен Алғысхаттар ұсынылады.