Күндізгі күзет

Күндізгі күзет

2020 жылғы 26 қарашада Қарабалық ауданының ТЖБ қызметкерлері МОО еріктілерімен бірлесіп, азаматтармен мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқама өткізу және тиісті тақырыпқа жадынамалар тапсыру мақсатында Приречное ауылы ауданындағы Тоғызақ өзенінің жағалау аймағына рейд жүргізді. Рейд қорытындысы бойынша 6 жасөспірімге нұсқау беріліп, 6 жадынама таратылды.

Бөлім қызметкерлері азаматтарға ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерлерде ересектердің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейтінін еске салады.

 Төтенше жағдай туындаған кезде құтқару қызметіне "101", "102" не "112" телефоны бойынша, оның ішінде барлық ұялы операторлардың ұялы телефонынан қоңырау шалыңыз.

 

 

Қарабалық ауданының ТЖБ

бас маманы

азаматтық қорғау капитані

А.Е. Зейноллин

Сенім телефоны «1402»