
2026 жылғы 27 тамызда Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысы бар бір құқық бұзушының ісі қаралды, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің отбасылармен жұмыс істеудегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі баяндамалары тыңдалды.
Инстаграмм - kdnzp_karabalyk