Бақылау топтарының жұмысы
Қарабалық ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 4 бақылау тобы Қарабалық кентінде және ауылдық округтерде карантиндік режимнің сақталуына бақылау жүргізеді.
Мониторингтік топтардың құрамына әкімдік, жергілікті полиция қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері кіреді. Ағымдағы жылдың 06-18 қараша аралығында рейдтік іс-шаралар барысында 25 заң бұзушылар анықталды, оның 14-не әкімшілік айыппұл тағайындалды, 11-і қарастырылуда.
Әкімдік, жергілікті полиция қызметі және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Қарабалық ауданының әкімдігі аймақ тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін сізге жақын адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін санитарлық-карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырады.